429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин тәртібін елемеген кәсіпкерлер 15 тәулікке қамауға алынды

  • 447
  • UPD: 14:23, 26.03.2020
Алматыда карантин тәртібін елемеген кәсіпкерлер 15 тәулікке қамауға алынды

Алматыда құрылған арнайы штаб өкілдері қаланың бірнеше сауда орындарын аралап қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде бір күннің өзінде, яғни карантин тәртібіне қайшы жұмыс жасап тұрған 34 дүкен жабылды. Олардың біразына айыппұл салынса, бірнеше кәсіпкер 15 тәулікке қамауға алынды. Еске сала кетейік, карантиндік тәртіпті бұзған кәсіпкерлерге 265 мың теңгеден бастап, бір жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ штаб өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мұндай сауда орындарын жауып тастау маңызды. Себебі Алматыда бүгіннен бастап қаланы зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Ал жұмыс жасауға мүмкіндік берілген дәріхана мен азық-түлік дүкендеріне бір мезетте 5 адамнан артық кіруге болмайды. Және олардың кезектегі ара-қашықтығы 2 метрден кем болмауы тиіс. Бұл тәртіпті ұстанбаған кәсіпкерлер де жазаға тартылады.

Ерлан Қожағапанов, қала әкімінің орынбасары:

– Бүгіннен бастап біз толығымен дезинфекция жұмыстарын жасаймыз. Қала секторларға бөлінген. Сондықтан дезинфекция болып жатқан 20 күннің ішінде қала тұрғындарынан үйде отыруды сұраймын. Тек қана азық-түлік және дәріханаларға баруларыңызға болады.

Хабар 24 телеарнасы