423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атбасардың ішкі жолдары жөнделетін болды

  • 198
  • UPD: 13:59, 26.03.2020
Атбасардың ішкі жолдары жөнделетін болды

Арнамыздың сынынан кейін Атбасар қаласының ішкі жолдары жөнделетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, өткен күзде біздің тілшілер аталған шаһардағы жергілікті жұртшылыққа жылдар бойы жауыр болған тақырыпты көтерген болатын. Енді биыл әкімдіктегілер сыннан нәтиже шығарып, облыстық бюджеттен 400 млн, аудандық бюджеттен де тағы осындай қаражат шығарып, бас-аяғы 800 млн теңгеге 24 көшені жөндейтін болып шешіпті. Аудан әкімінің айтуынша, оның құжаттары әзірленіп, мердігер де таңдалып қойған. Енді қар кетіп, жер кепсе, жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетпек. Бұйыртса, тамыз айының ортасына қарай Атбасардың көшелері тақтайдай болмақ.

Аманбек Қалжанов, Атбасар ауданының әкімі

– Оның сыртында облыс бюджетінен 3 елді мекенге ауылды жерлерді асфальттауға 149 млн теңге бөлінді. Ол жұмыстардың да конкурстық процедураларын өткіздік. Келісімшарт жасалынды. Қар кетісімен, жаз айында бірден өткіземіз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы