427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейден жеткізілген 19 тонна банан ел аумағына кіргізілмеді

  • 624
  • UPD: 13:37, 26.03.2020
Ресейден жеткізілген 19 тонна банан ел аумағына кіргізілмеді ҚР АШМ

ҚР АШМ өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына РФ мен Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді.

2020 жылдың 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес,  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы