427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы мектептер қашықтан білім беруге дайын

  • 419
  • UPD: 14:25, 26.03.2020
ШҚО-дағы мектептер қашықтан білім беруге дайын

Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарындағы мектептер қашықтан оқытуға дайын.

Мәселен, Тарбағатай ауданының барлық мекемесі интернет желісімен қамтылған. Ақжар ауылындағы 600 орындық Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп ғимараты жақында ғана пайдалануға берілген. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтылғандықтан, төтенше жағдай кезінде оқушылардың үйде отырып-ақ білім алуына толық мүмкіндік бар. Ауданда 9 мыңдай оқушы, мың жарымға жуық ұстаз бар. Олар жаңа оқыту жүйесі туралы құлақтанған.

Самал Дәуітбаева, Тарбағатай аудандық білім бөлімінің басшысы:

– Тарбағатай ауданы бойынша барлық мектепте интернет проблемасы шешілген. Яғни, 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етілген. Бірақ таулы аймақта тұратын мектептердің интернет желісінің жылдамдығы кей күндері төмендеу мәселесі байқалады.  Қашықтан оқытуды әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы болса да, арнайы нақты платформалар орнату арқылы болса да біз бұл мүмкіндікті қамтамасыз етеміз. Яғни, білім беру үрдісі тоқтамайды, оған еш кедергі жасалмайды.

Хабар 24 телеарнасы