432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау қаласында жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 473
  • UPD: 14:27, 26.03.2020
Ақтау қаласында жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

25 наурыздан бастап арасында Ақтау да бар, еліміздің бірнеше ірі қалаларында халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады.

Маңғыстау облысы әкімдігі бүгіннен бастап Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастағанын хабарлаймыз. 

Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді. Олар жұмысқа АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдаланады. 

Бүгін алғашқы жұмыстар үш жерде атап айтқанда, Ынтымақ алаңы (көлемі 21 120 шаршы метр), Жеңіс сквері (көлемі 20 370 шаршы метр) және Теңіз жағалауы дезинфекциялаудан басталады. Жұмыс күнделікті таңғы сағат 09.00-ден кешке сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. 

Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.

 

Хабар 24 телеарнасы