421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин жағдайы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу көрсеткішін көбейтті

  • 545
Карантин жағдайы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу көрсеткішін көбейтті

Өткен демалыс күндері, яғни 21-24 наурыз аралығында, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді 136 мыңнан астам рет онлайн алды.

Электрондық үкіметтің egov.kz порталында ел аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау және жылжымайтын мүлкінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама ең көп сұранысқа ие болды. Өткен 4 күн ішінде қазақстандықтар алған қызметтердің 21 мыңнан астамы аталған анықтамалардың еншісінде.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі, соттылығының жоқтығы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан берілетін анықтамалар да жиі сұралады. 

Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасын да белсенді пайдалануда. Демалыс күндері AppStore PlayMarket арқылы 14 мыңнан аса рет жүктелген. Осы қосымшаның көмегімен өткен 4 күн ішінде азаматтар 67 мыңға жуық мемлекеттік қызмет алған.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80%-ы онлайн қолжетімді. Оларды азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz сайты, eGov mobile қосымшасы, Telegram-дағы egovkzbot2.0 арнасы, Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы ала алады.

Ақпарат көзі: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы