448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы коронавирус анықталған науқастардың жай-күйі айтылды

  • 59
  • UPD: 18:58, 26.03.2020
Алматыдағы коронавирус анықталған науқастардың жай-күйі айтылды

Қазіргі уақытта Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 40 науқас жатыр.

Олардың ішінде 2 бала бар. 31 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бір баланың жай-күйі орташа дәрежеде.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

«Бір науқастың жағдайы ауыр, ол өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 1956 жылы туған бұл науқастың жай-күйі өкпенің созылмалы ауруына байланысты ауыр деңгейде», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы