435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуле Қисықова: Адам көп шоғырланатын жерден аулақ жүріңіздер

  • 84
  • UPD: 20:14, 26.03.2020
Сәуле Қисықова: Адам көп шоғырланатын жерден аулақ жүріңіздер

Елорда коронавирусты жұқтырған 61 адамның төртеуінің жағдайы тұрақты ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың тыныс алу жүйесі бұзылған. Барлығы бекітілген хаттама бойынша ем алып жатыр. Ал қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Науқастардан шағым жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Сондай ол 22-25 наурыз аралығында халықаралық әуежайға 18 әуе рейстен коронавирусты жұқтырған 3 адам анықталғанын айтты. Науқастар жедел ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ олармен жақын байланыста болған адамның барлығы тексерілді. 18 ұшақпен 1483 адам келген. Барлығы оқшауланып, тексеру жүргізілді.

Сәуле Қисықова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Әрбір адам өзінің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауы керек. Аса маңызды қажеттілік болмаса үйден шықпауды өтінеміз. Тек азық-түлік пен дәрі-дермек үшін ғана шыққаныңыз абзал. Үйден шыққан күннің өзінде карантин талаптарын орындап, бетперде, қолғап киіп, өзіңізді барынша оқшаулаңыз. Адам көп шоғырланатын жерден аулақ жүріңіз.

Хабар 24 телеарнасы