435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мыңдаған адамның үйіне маска жеткізіледі

  • 85
  • UPD: 21:02, 26.03.2020
Елордада мыңдаған адамның үйіне маска жеткізіледі

Елордадағы мыңдаған адамның үйіне маска жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы №10 емхана мамандары осындай бастаманы қолға алды. Оның аясында диспансерлік тіркеуде тұрған науқастарға маскалар тегін таратылмақ. Яғни, учаскелік дәрігерлер үй-үйді аралап, тегін негіздегі дәрі-дәрмектермен қатар бетті тұмшалайтын құралдарды апарып береді. Қазіргі таңда осы ауруханада арнайы тізімге алынған 12 мыңнан аса науқас бар. Бұл шара карантин уақыты аяқталғанға дейін жалғасады және дәрігерлердің күнделікті жұмысына кедергі келтірмейтін қылып ұйымдастырылған.

Гүлназ Бекенова, қалалық №10 емхана терапия бөлімінің меңгерушісі:

- ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен маскаларды тегін тарамыз. Бұған жүкті әйелдер, 65 жастан асқан наауқастар кіреді. Емхана бойынша 85 мың адам, оның 12 мыңы есепте тұрады. 6 мыңнан астамы 65-тен асқан науқастар.

Хабар 24 телеарнасы