422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүріп-тұруға шектеу қойылады

  • 401
  • UPD: 22:56, 26.03.2020
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүріп-тұруға шектеу қойылады

Ел Президенті жанындағы Төтеше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қабылданған шешімге сай, 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуына шектеу қойылады. Халық көп жиналатын орындар жабылады. Қоғамдық көлік жұмысы кезең-кезеңмен шектеледі. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салынады. Кәмелеттік жасқа толмағандар үлкендерсіз сыртта жүре алмайды.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

-Өздеріңіз білесіздер, коронавирусқа байланысты жағдай күрделі болуда. Қазіргі уақытқа дейін вирус еліміздің 8 өңірінде анықталып, 109 жағдай тіркелді. Вирустың таралу қаупі жоғары. Мемлекет басшысы 3 күн ішінде пандемияға қарсы күресті күшейту бойынша қосымша тексерулерді қамтитын іс-шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы