447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда карантинде болған үш адам үйлеріне қайтарылды

  • 52
  • UPD: 23:03, 26.03.2020

Атыраудағы коронавирусқа қарсы ашылған 100 орындық провизорлық бөлімшеден бүгін үш адам шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы індет басталғалы бері алыс-жақын шетелдерден келген 48 азамат оқшауландырылған еді. Олардың 15-і үйлеріне қайтарылды. Қазір каратиндік бөлімшеде 33 адам жатыр. Олар негізінен ауру ошағы өршіп тұрған алыс шетелдерден келгендер. Бөлімшеге қажетті дәрі-дәрмек пен зарасыздандыру құралдары жеткілікті. Санитарлық талаптар толықтай сақталған. Мамандар жұмыстарын алаңсыз атқарып жатыр.

Қуатжан Тұрысбеков, облыстық өкпе аурулары диспансерінің директоры:

- Шетелден келгендер 14 күн толғаннан кейін шыға береді. Бүгін үшеуін шығарайын деп отырмыз. Африкадан, Голландиядан келіп жатқандар. Жан-жақтан келіп жатыр. Бірақ 1 «А» санаты дейміз, сол мемлекет арқылы келген азаматтардың барлығын осы жерде карантиндік бақылауда ұстап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы