445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы ауруханаларында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

  • 19
  • UPD: 22:17, 26.03.2020
Алматы ауруханаларында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

Алматының ауруханаларында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде бүгін қаланың бірқатар емдеу мекемесін тексере барған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Медициналық бетперде, санитарлық тазалауыш пен дезинфекциялық құралдар қажетті көлемде алынған. Жеке қорғаныш заттар, маскалар, антисептиктер мен этил спирті екі айға жетерлік.

«Сонымен қатар дәрігерлердің жеке қорғаныш киімдері де жиі ауыстырылып тұрады», - деді қаланың бас дәрігері. Ал, облыс аумағынан қалаға күнде келіп жұмыс істейтін мамандар уақытша тегін жатын орындарға орналастырылуы мүмкін.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Қазір қалалық штаб емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін бірінші кезекте тұрғын жаймен қамтамасыз ету мәселесін қолға алды. Қаладағы бос қонақжайлардан, хостелдерден, жатақаналардан емдеу мекемелер басшыларының тапсырыс сұраныстарына байланысты тегін тұрғын орнын және тұрып жатқан кезде бір мезгіл тамақтарын тегін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы