445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы көшелерінде зарарсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

  • 40
  • UPD: 22:26, 26.03.2020
Алматы көшелерінде зарарсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Алматыда қала көшелері мен қоғамдық орындарды зарарсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараны әскери құрылым сарбаздары іске асыруда. Олар шаһардағы 284 нысанды, атап айтқанда балабақшалар мен мектептер, емханалар мен терминалдарды зарарсыздандырып шықты. Сондай-ақ әскерилер автобус аялдамалары мен жаяу жүргінші жолдарын және автотұрақтарды дезинфекциялап жатыр. Қаланы зарарсыздандыруға Алматы горнизонының 2 мыңға жуық әскери қызметшілері тартылды. Олардың барлығы арнайы техникамен және қорғаныс киімдерімен қамтылған. Басты назар аударатын мәселе, мамандар Алматы қаласының тұрғындарын зарарсыздандыру жұмыстарынан кейін 4 сағат көлемінде далаға шықпауға кеңес береді.

Еркебұлан Жарылқасын, рота командирінің орынбасары:

Біздің басты мақсатымызинфекцияның таралуын тоқтату. Жалпы коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағат, хаттың бетінде 48 сағат өмір сүреді. Сондықтан көшелерді тазарту мен қоғамдық орындарды тазарту вируспен кұресудің басты жолы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы