432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты

  • 469
  • UPD: 22:34, 26.03.2020
Президент коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты.

«64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз», - деп жазды ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы