432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудағы теміржол вокзалында сақтық шаралары күшейтілді

  • 91
  • UPD: 23:05, 26.03.2020

Қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін еліміздің барлық аймақтарында қазір сақтық шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Көкшетауда кешеден бері теміржол вокзалында санитарлық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Ондағы мамандар аурудың алдын алу мақсатында нысанда күндіз-түні қызмет етеді.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Жалпы Көкшетаудың теміржол вокзалына күніне 10 шақты жолаушылар пойызы келеді. Енді олармен келген әрбір азамат қосымша тексерістен өтуі тиіс. Себебі, нысанның кіреберісіне санитарлық бекет қойылған».

Қазір әдеттегідей емес, теміржол вокзалында кісі азайған. Пойызбен келіп жатқан жолаушылар да аз. Дегенмен, қанша адам келсе де, олар міндетті түрде санитарлық бақылаудан өтеді. Алдымен өзінің кім екенін, қайдан келе жатқаны жайлы анкета толтырады. Ал, содан соң дене қызуын өлшетеді.

Мирасхан Егізбаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Санитарлық-карантиндік пункттің жұмыс жасауынан бастап осы уақытқа дейін жолаушылардан ешқандай күдікті табылған жоқ. Егер күдікті табылатын болса, бұл жерде медициналық пункт бар, сол жерге оқшаулап, ары қарай медициналық жедел жәрдем көлігін шақырып, ары қарай медициналық көмек көрсету бойынша қажетті мекемелерге жеткізіледі.

Вокзалға қазір күніне 200-ден астам, кейде 300 жолаушыға дейін келеді екен. Ал, әр пойыз келіп кеткен сайын вокзал аумағына тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бірақ бізге жолаушылардың өздері бейқам секілді көрінді. Себебі, бетпердені бәрі бірдей тағып жүрген жоқ.

Блиц 1:

Менде маска бар. Бірақ таққан жоқпын қазір. Өзіммен бірге антисептик алып жүрмін және қолды қайта-қайта жуамын. Ешкіммен араласпауға тырыстым.

Блиц 1:

- Енді айтқан сақтық шараларын сақтап, қолды жуып, түрлі себетіндерін сеуіп, сонымен сақтанып келе жатырмыз.

Ал, мамандар болса, қазір кісі көп жиналатын қоғамдық орындарға бармауға кеңес береді. Оның ішінде, қоғамдық көліктер де бар. Сондықтан дәрігерлердің ескертуіне құлақ асып, барынша сақ болған абзал. Мұны тіпті вокзал диспетчерлерінің өздері жиі-жиі хабарлап отырады.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы