447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус жұқтырғандардың екеуі бала

  • 49
  • UPD: 22:56, 26.03.2020
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың екеуі бала

«Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың екеуі бала.

38 науқастың қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Бір баланың жағдайы орташа. Ал, 1956 жылы туған азаматтың  жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгінде провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат болса, оның ішінде 56-сы бала. Ал, індет жұқтырған алғашқы науқас жазылып, бүгін ауруханадан шықты.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел емделіп шығарылды. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда бастан кешірді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау талдауы коронавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті

Хабар 24 телеарнасы