432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда оқшауланған кіреберіс тұрғындарына азық-түлік жеткізіледі

  • 341
  • UPD: 23:04, 26.03.2020
Петропавлда оқшауланған кіреберіс тұрғындарына азық-түлік жеткізіледі

Петропавлда карантинге жабылған подъездің тұрғындары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі аптадан астам уақытқа көпшіліктен оқшауланған азаматтарға демалыс беріліп, заңды түрде еңбекақы төленеді. Бұл жайында қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеп отыр. Қазір кіреберіс алдында полиция қызметкері кезекшілік етуде. Олар бөгде адамдардың ішке кіріп кетпеуін қадағалайды. Аталған подъезде 15 пәтер бар. Ал оларда 32 адам тұрып жатыр. Қажетті азық-түлікті курьер жеткізеді.

Естеріңізге сала кетейік мамандар күні кеше «Ресейдің Омбы қаласынан оқудан келген 27 жастағы азаматшадан коронавирус індеті анықталды» деген еді. Қазір оның анализдері Алматы қаласындағы референс зертханаға жіберілді. Нақты нәтижесі бірнеше күннен соң белгілі болады.

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

- Сауда үйімен келістік. Ол күніне екі мезгіл сағат таңғы 11:00-де және кешкі сағат 19:00-де екі мезгіл азық-түлікті әкеліп беріп тұрады. Курьер азық-түлік әкеліп, ол ішке кірмейді. Кіреберістің алдына қояды. Сол жерге кісілер келіп, ақшасын төлеп, солай алады.

Хабар 24 телеарнасы