445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар карантин кезінде такси қызметін қаншалықты пайдаланады?

  • 52
  • UPD: 00:00, 27.03.2020

Елордалықтар карантин кезінде такси қызметін қаншалықты пайдаланады?

Сақтық шаралары күшейтілген  шақта көліктердегі санитарлық талаптар сақталып жатыр ма? Оларға зарарсыздандыру құралдарын кім береді?

Мерей Мұратханқызы, тілші:

Елорда көшелерінде такси көп. Бірақ дені арнайы қызмет көрсету орталықтарында тіркелген. Оларға да хабарластық. Кейбірі карантинге байланысты уақытша қызметін тоқтатыпты. Ал, зарарсыздандыруға келер болсақ, әрбір жүргізуші өзі үшін қажет жабдықтарды алып отыр екен. Кейбірі маска мен антисептикті қолдан жасап алған. Ал орталықтар «жүргізушілерімізді мәжбүрлей алмаймыз» дейді.

Біз жолықтырған такси жүргізушілері санитарлық талапты сақтайтынына сендірді. Қолдағы зарарсыздандыру құралдарын көрсетіп бақты. Камерадан қашқаны болмаса, бәрі де өзі мен жолаушылардың денсаулығына алаңдайтынын байқатты. Карантинге байланысты клиенттер азайған.

Блиц 1:

- Біз өзіміздің қалымызды ойлаймыз, отбасымызды ойлаймыз. Маска, перчатка бәрі бар.

Блиц 2:

- Баға төмен. Бір клиенттен түскен сома 500, 620, 690 теңге. Таңертеңнен бері осы ғана.

Блиц 3:

Мен рейс сайын сақтанамын. Спиртпен жуып отырамын. Қолымды да спиртпен жуамын.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Көлігінің іші-сыртын айнадай қылып отырған ақсақалға біз де риза болдық. Сақтықтың бір амалы болар, Елордада арнайы такси қызметін пайдаланатындар көбейген. Салдарынан ұялы қосымшаларда ақау жиілепті. Тұрғындар халыққа қызмет көрсететін таксидегі тазалыққа көңілі тола бермейтінін жеткізді.

Балықбай Бекежанов, қала тұрғыны:

Жаңалықтардан айтып жатады. Осы Нұр-Сұлтан қаласына мыңдаған маска келді, антисептик келді деп. Жұрттар ала алмай жүреді. Қолжетімді болса, жақсы болар еді. Сонда бәрі алып жүретін еді, дезифекция жасап. Дезинфекция жасау үшін жағдай жасау керек қой.

Сұлтан Қуанышұлы, қала тұрғыны:

- Қала маңына жүретін машиналарда көбісінде бар. Қалалық машиналар көбісі қолданбайды ол нәрсені. Сұраймыз.

Расында да, елорда көшелерінде көлік нөпірі азайған. Қыдырып жүрген адамды да көре бермейміз. Дегенмен, такси қызметін пайдаланатын бірлі-екілі жолаушының қамы басты назарда.

Ринат, такси жүргізушісі:

- Көліктің ішін мынадай спреймен шашып, дезинфекция жасап, сосын әр адам ауысқан сайын шашып тұрамын. Оның үстіне қолға шашып, дезинфекциялап отырамын. Панельдерді, отыратын орындардың бәрін сүртіп шығамыз.

«Қолымыздан келетіні осы», дейді жүргізушілер. Нәпақасын халықты тасымалдаудан тауып отырған такси тізгіншілерінің арасында зарарсыздандыруды Үкіметке жүктеп қойғандар да бар екен. Бірақ «сақтансаң сақтаймын» деген ұмытпаған ләзім.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аят Елшін

Хабар 24 телеарнасы