432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі

  • 101
  • UPD: 00:12, 27.03.2020

Түркістан облысында әкімдік жанынан құрылған «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына қаражат жинау жарияланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаржы індетке қарсы күресте халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, мұқтаж жандарға қорғаныс құралдары мен медициналық маскалар және антисептикалық құралдарды сатып алуға жұмсалады.

Сондай-ақ азық-түлік пен қажетті заттарды алуға бағытталады.

Ең алдымен соғыс ардагерлері, қарт адамдар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар көмек алады. Сонымен қатар осы қаражат есебінен балалар үйлері мен ауруханаларға көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде коронавирус пандемиясымен күресу және алдын алу үшін мұқтаждарды қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз!» акциясы басталған болатын. Осыған орай облыста 1500 отбасыға көмек берілуде. Акцияға партия филиалдары, аудан, қала әкімдері, «жасотандықтар», ерікті жастар және жомарт кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары белсенді атсалысып жатыр.

Бейсен Тәжібаев, «Nur Otan» партиясы ОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Қамқоршылық кеңесінің құрамына қоса отырып, бұл жұмысты біз бірге қолға алып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – өңірдегі барлық кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, демеушілерге үндеу жасау арқылы бастама көтеру. Осы тиісті отбасыларға, азаматтарға қажетті азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтармен қамту боп табылады.

Хабар 24 телеарнасы