426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдауға 1 млрд теңге бөлінбек

  • 266
  • UPD: 00:14, 27.03.2020

Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде қабылданған дағдарысқа қарсы жоспар аясында осындай шешім қабылданды. Қомақты қаражаттың тең жартысы жергілікті қазынадан, қалған бөлігі «Даму» қоры есебінен   қарастырылмақ. Қаржылай көмек «Жетісу» бағдарламасымен берілетін болады. Осы арқылы аймақта жаңадан ашылған және бірнеше жылдық тәжірбиесі бар кәсіпкерлік нысандары ісін ілгерлетіп, қалыптасқан қиындықтан шыға алады.

Ерқанат Қажымұқанұлы, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда осы бағдарламаның шарттары келісілуде. Шарт бойынша 8-ден 9% бойынша пайыздық мөлшерлеме қойылады. Барлық кәсіпкерліктің түріне беріледі.

Хабар 24 телеарнасы