432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 14 мейрамхана иесі бес тәулікке қамалды

  • 134
  • UPD: 00:09, 27.03.2020
Павлодарда 14 мейрамхана иесі бес тәулікке қамалды

Павлодарда тұрғындарға «қала карантинге жабылады», деп жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті індеттің алдын алуға байланысты қолға алынған шараларға көпшілік әлі де жеңіл-желпі қарайтын сыңайлы. Полиция департаменті заңға бағынбаған бірқатар қызмет көрсету орнын анықтап, иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кейбірі 5 тәулікке қамауға алынды. Төтенше жағдайға қарамай заң бұзғандар арасында жеке тұлғалар ғана емес, сервистік қызмет көрсету орталықтарының иелері де бар. Мейрамханада той жасағандар қамауға алынып, біразы айыппұл төлейтін болды. Полиция департаменті осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды ары қарай  жалғастырады.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- 16 наурыздан бастап 51 орын, яғни, сауда үйлері, бутиктер мен кафе, ресторандар және компьютерлік клубтардың иелері төтенше жағдай кезінде санитарлық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Соның ішінде 14-і 5 тәулікке қамауға алынды. 8-іне айыппұл салынса, жетеуіне ескерту берілді.

Хабар 24 телеарнасы