432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда жалған хабарлама таратқан ер адам қатаң жазаланады

  • 118
  • UPD: 01:34, 27.03.2020
Көкшетауда жалған хабарлама таратқан ер адам қатаң жазаланады тенгриньюс

Көкшетауда жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

56 жастағы қала тұрғыны осыдан бірнеше күн бұрын ватсап мессенджері арқылы облыс орталығына «Оңтүстік Кореядан келген адамдарда коронавирус анықталып, олар ауруханаға жатқызылды», - деп, елді шулатты. Ол бұл әңгімені қонақта отырып, басқа бір кісіден естігенін айтқан. Аталған әйел ақпараттың анық-қанығына мән берместен, оны құрбысына жеткізеді. Ал құрбысы, оны 200 адамнан тұратын топқа таратқан. Осылайша қазір үшеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- ҚР Қылмыстық кодексі 274-бабының санкциясы бойынша кінәлілерге 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлету немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кетейік, бұл төтенше жағдай енгізілгелі бері тікеліп отырған үшінші дерек.

 

Хабар 24 телеарнасы