432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық такси жүргізушісі карантинге жатқызылды

  • 150
Қостанайлық такси жүргізушісі карантинге жатқызылды

Мальдив аралдарынан келген туристерді Нұр-Сұлтан қаласына жеткізген қостанайлық такси жүргізушісі карантинге жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жолаушылардың тапсырысын мобильді қосымша арқылы қабылдаған. Елорданың қос тұрғыны демалыстан Ақтөбеге ұшып келіп, Қостанайға жол тартқан. Сол жерден Нұр-Сұлтанға жету үшін көлік шақыртқан. Такси жүргізушісі оларды елорда маңындағы өткізу-бақылау бекетіне дейін жеткізіп, өзі Қостанайға кері қайтқан.

Сәуле Нұрпейісова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Келе жатқанда оның көлігі сынып, жол бойында түнеуге мәжбүр болған. Келесі күні полицейлердің сүйемелдеуімен Қостанайға жеткізілді. Сол мезетте жүргізуші облыстық аурухананың инфекция бөліміне жатқызылды. Сараптама коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті. Қазір ол 14 күнге оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы