445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға қатысты 120 әкімшілік іс қаралды

  • 81
  • UPD: 01:57, 27.03.2020
Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға қатысты 120 әкімшілік іс қаралды

Алматы қалалық соты карантин тәртібін бұзған адамдарға қатысты 120 әкімшілік істі қарады, деп хабарлады «Хабар 24».

Сот төтенше жағдай кезінде ережені елемегендерді жауапқа тартып жатыр. Олардың қатарында карантин аймағынан шығып кетпек болған немесе қалаға заңсыз кіруге әрекеттенген 111 адам бар. Сондай-ақ жасырын сауда-саттық жасап, қызмет көрсеткен адамдар анықталған.

Арулан Жақабай, қалалық соттың баспасөз қызметінің бас маманы:

- Карантин кезінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 10 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Екеуі 5 күндік қамауға алынса, 8 адамға айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы