428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық тәртіп сақшылары жаппай қан тапсырып жатыр

  • 449
  • UPD: 02:02, 27.03.2020
Маңғыстаулық тәртіп сақшылары жаппай қан тапсырып жатыр

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары сауапты іске жұмылды, деп хабарлады «Хабар 24».

Ақтау қалалық полиция басқармасы мен Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы облыстық қан орталығына барып, жаппай қан тапсырып жатыр. Соңғы екі тәулікте жүзге жуық адамнан қан алынған. «Басым көпшілігі тұрақты донорлар. Бір қуантарлығы, жыл өткен сайын олардың қатары толығып келеді», - дейді орталық мамандары. Погонды қызметкерлер алдымен медициналық тексеруден өтіп барып, донор креслосына жайғасуда.

Айта кетейік, Маңғыстау өңірінде қан тапшы. Өзекті мәселе ірі жол-көлік оқиғасы не болмаса техногендік апат болған жағдайда жиі көтеріледі. Осы орайда қан орталығының басшылығы облыс тұрғындарына үнемі үндеу жариялап келеді.

Ерлан Отаров, қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

- Қан жетіспеушілігі болғандықтан, біз өзіміздің жеке құрамымызбен және басшылықпен келісе отырып, қан тапсыру дұрыс болады деп шештік. Өзіміздің 70 қызметкерімізбен барып, қан орталығына қан тапсырдық. Бізде штат бойынша 210 адам. Қазір күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатқандықтан кезекшілктен шыққан қызметкерлер барып, қан тапсырды. Осыған дейін де бірнеше рет барып тапсырғанбыз.

Хабар 24 телеарнасы