429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы науқастардың коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды

  • 440
  • UPD: 08:55, 27.03.2020

Қарағандыда «COVID-19» жұқтырғандардың саны төртке жетті.  Өңірде тағы бір әйел мен 20 шамасындағы қыздың дерт жұқтырғаны мәлім болды. Ауру ошағы қайдан келген, қазір науқастардың жағдайы қалай? 

- Науқастардың вирусты қайдан жұқтырғаны белгілі ме?

- Кеше ел Президенті өзінің Twitter парағында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан өзге Шымкент қаласында да шектеу күшейілетінін айтты. Ал Қарағанды облысы карантинге жабылуы мүмкін бе?

Дәуренбек Бақдәулетұлы, тілші:

- Мәлім болғандай, бұл жолғы екі науқаста осы айдың 18-і күні Франция мемлекетінен келіпті. Біз олардың туыстық қатынасы өте жақын, яғни анасы мен қызы екенін білдік. Франция елінде білім алып жатқан перзентіне барған келіншек, оны елге алып келген. Сәйкесінше бірден карантинге жатқызылған. Алынған сынамалар екеуінің де қанында «COVID-19» вирусы бар екенін көрсеткен.

Ержан Нұрлыбаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Олар Қарағандыға келген бетте оқшауланып, госпитальге жатқызылды. Ауру белгілері біліне бастаған кезде вирусологиялық сынама алынып, күдік расталды. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты. 

Дәуренбек Бақдәулетұлы, тілші:

- Қарағанды облысында сақтық шаралары күшейтілгенімен карантинге жабылмайды. Себебі «COVID-19»-ды жұқтырған төрт адам да өзге мемлекеттен келген. Олар Қарағандыға қонған бетте оқшауланған.  Облыстың бас дәрігері ауру ошағы Қарағандыда емес, сондықтан карантин жариялауға негіз жоқ дейді.  Сондай-ақ ол осыған дейін де ауру жұқтырған екі адамның денсаулығы қалыпты екенін жеткізді. Облыста қазір 314 адам карантинде. 152 адам үй бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы