445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды

  • 37
  • UPD: 10:09, 27.03.2020

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған тағы екі адам анықталғаны таяуда хабарланды.

Ауруға шалдыққан 4 адам да 18 наурыз күні Қарағандыға қонуға мәжбүр болған «Минск-Нұр-Сұлтан» рейсінің жолаушылары. Науқастардың жай-күйі туралы ақпарат бар ма?

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған тағы екі адам анықталғаны белгілі.  Ауруға шалдыққан 4 адам да 18-ші наурыз күні Қарағандыға қонуға мәжбүр болған «Минск-Нұр-Сұлтан» рейсінің жолаушылары. Өңірдегі біздің тілшілерімізде оқиғаның өрбуін қалт жібермей қадағалап отыр, қазіргі сағатқа қандай ақпараттарыңыз бар?

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

- Атап өткен жөн, барлық ауру анықталған жандар әуежайға қонған бетте карантинге жөнелтілгендер. Қазір оларды емдеп жатқан дәрігерлер де оқшауланғаны мәлім болды. Шамамен 20-ға жуық дәрігер қазір госпитальда күн-түн демей, сонда қалып жұмыс жүргізуде.   

Ал, облыстың өзге дәрігерлері тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен. Карантиннен өзге дәрігерлер санитарлық бекеттерді де торғуылдап жүр. Өңірге 6 блок-бекет орнатылғанын атап өткен жөн. Бүгін ауруға қарсы әскери госпиталь мен медицналық ЖОО, колледж оқытушылары да тартылған.  Қазір Қарағанды облысы тағы да науқастарды қабылдауға дайын көрінеді. 

Гамаль Тоқсанбаев, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір Қарағанды облысында коронавирус дерті ушыққан адамдарды қабылдау  үшін орын жеткілікті. Көп жағдайда ол тыныс алу жолдарын зақымдайды. Бүгнігі күні Қарағандыдан бөлек Теміртау, Балқаш, Сәтпаев, Жезқазған қалаларында қосымша орындар жасақталды. Медициналық ұйымдардағы бұл орындарды біз өз қаржымызға дайындадық. Қосымша медициналық қажеттіліктер сатып алу үшін де жұмыстар жүргізілуде.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

- Денсаулық сақтау басқармасының мамандарының сөзінше қазір өңірдің ірі кәсіпорындарға тиесілі 5 бірдей сауықтыру орындары - госпитальға айналып қайта жасақталған. Онда ауыру анықталғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар әкелінеді. Бүгінде сақтық шаралары едәуір күшейтілген.

Хабар 24 телеарнасы