412,55 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысы мен Шымкент және Қызылорда арасында автобустар тоқтатылды

  • 227
  • UPD: 11:55, 27.03.2020
Түркістан облысы мен Шымкент және Қызылорда арасында автобустар тоқтатылды

Түркістан облысы мен Шымкент және Қызылорда арасындағы облысаралық автобус қатынасы уақытша тоқтады.

Сондай-ақ Түркістан облысындағы бірнеше автовокзалдың жұмысына шектеу қойылды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық тұрақты бағыттардағы рейстердің 50%-ы қысқартылды. Облыс аумағында 6 автовокзал, 26 автотұрақ, 4 жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар. Бұған дейін облыс аумағынан жүретін халықаралық автобус бағыттарына шектеу қойылғандығы туралы айтқан болатынбыз. Мамандар өңірде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында өңір тұрғындарына сақтық шараларына барынша мұқият болуды ескертеді. Гигиеналық талаптарды сақтап, карантиндік режим аяқталғанша қоғамдық көлікпен сапарға шықпауға кеңес береді.

Мақсат Мырзабаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгін ауданаралық бағыттардың 61 кестесінің 50 пайызын тоқтаттық. 31 кестеменен қазір ауданаралық қатынастар болып жатыр. Күнделікті зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылған. Таңертең шыға берісте және кешке жұмыстан қайтқан кезде автобустарды дизенфекция жасау. Ол бойынша күнделікті біз облыстағы ситуациялық орталыққа ақпар беріп, бақылауда ұстап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы