417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауға Ыстамбұлдан ұшып келген жолаушылар карантинге жатқызылды

  • 270
  • UPD: 10:49, 27.03.2020
Ақтауға Ыстамбұлдан ұшып келген жолаушылар карантинге жатқызылды

Маңғыстау облысына барған 100-ге жуық адам карантинге жатқызылды. Кеше түнде 70-ке жуық Қазақстан азаматы Ыстамбұлдан Ақтауға ұшып келді.

Сондай-ақ, «Тәжен» шекаралық бақылау бекеті арқылы Өзбекстаннан облыстың 14 тұрғыны жетті. Оларды күтіп алған медицина қызметкерлері сол жерде тексеріп, арнайы көліктермен Ақтауға жеткізді. Барлығы карантинге жатқызылды. Сараптама қорытындысы теріс нәтиже берген жағдайда үйлеріне жіберіледі.

Айта кетейік, 24 наурыз күні Қарағандыға Варшава қаласынан студенттер келген еді.  Олардың 6-ы Маңғыстау облысынан. Қарағандыға келген бойда вирусқа тексеруден өтіп, теріс нәтижелі жауап алды. Бүгін Ақтауға жеткен студенттер қайта тексеруден өтіп, үйлеріне жіберілді. 14 күн үйлерінде карантинде жатады. Қазір аймақта індеттің алдын алу мақсатында кешенді шаралар жасалып жатыр. 70 төсек инфекциялық ауруларды қабылдауға, 280 төсек провизорлық тексеру жасау үшін, 600-ге жуық төсек карантинге жатқызуға дайын. Бүгінгі күні 100-ге жуық адам ауруханаларда карантинде жатыр. Аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.   

Әнуар Сағымбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бізде қазіргі таңда контактный аурулар деген бар. Шетелден келген немесе Қазақстанда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан ауырып қалған адамдармен, бір ұшақпен ұшып келген, немесе бір пойызбен келген адамдар бар. Олардың бәрі провизорлық госпитальға, карантиндік госпитальға жатқызылып, тексеріліп, анализдер алынып, анализдері отрицательный болғаннан кейін бәрін үйлеріне карантинге жібереміз. Олар өз үйлерінде отырып, ешқайда далаға шықпай, қолхатын жазып береді, далаға шықпаймын деген. 14 күннің ішінде 14 күндей үйде жату керек.

Хабар 24 телеарнасы