427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды

  • 405
  • UPD: 11:32, 27.03.2020
Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды

Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды.

Байланысқан адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды. Сонымен қатар №1 автобус паркі де карантинге жабылды. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді. 2020 жылы 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар: саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б. жабылады.

Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі. Елордаға кіру және шығу бойынша қатаң режимді бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 46-сы қамауға алынды.

Бұдан өзге, ТЖ режимін бұзғаны үшін 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы