411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 2,2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

  • 186
  • UPD: 11:55, 27.03.2020
Жамбыл облысында 2,2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жедел-тергеу тобы «STOP-Обнал» жедел-алдын алу шарасы барысында Тараз қаласы тұрғынының 2012-2019 жылдары ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырумен айналысқанын анықтады.

Ол іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу мақсатында өзінің туыстары мен сенімді тұлғаларының атына 20-дан астам үлестес кәсіпорындарды тіркеу арқылы контрагент-кәсіпорындардың бюджетке салық төлеуден жалтаруына жағдай жасаған.

2017-2019 жылдар аралығында осы тұрғын мен оның сенімді тұлғалары Жамбыл облысындағы екінші деңгейлі банктерден 2,2 млрд. теңгеден астам ақшаны қолма-қолға айналдырған.

Бұл факті бойынша Департамент ҚР ҚК 216-бабымен (жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу мақсатымен аса ірі көлемде зиян тигізген мүліктік пайда алу) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық нышаны бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді.

Жедел-тергеу тобының үйлесімді іс-әрекеті барысында «ForteBank» АҚ ТҮҚ-да 17 915 000 теңге ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үстінде қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Ақша қаражатының бақылауда болған алдамшы кәсіпорындарға аударылып, алынғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері тұрып жатқан мекенжайларда тіну жүргізіліп, біркүндік фирмалардың мөрлері, ноутбуктер мен компьютерлер тәркіленді.

Егер сіз қаржы саласында құқықбұзушылыққа тап болсаңыз немесе осыған ұқсас фактілер сізге белгілі болса, Жамбыл облысы бойынша ЭТД келесі сенім телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7262) 34-75-38, 8 (7262) 347626.

ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы