411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин туралы жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

  • 256
  • UPD: 12:17, 27.03.2020
Карантин туралы жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

Қостанай облысында WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат таратқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«WhatsApp желісінде 2020 жылғы 29 наурызда Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобыл қалаларының карантинге жабылатыны туралы жалған ақпарат тарады. Осы дерек бойынша Меңдіқара ауданы, Қасқат ауылының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желіде Ломоносов ауылының тұрғындарына карантин туралы ескерту жасаған», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір ер адамға ҚР ҚК 274-бабы «ТЖ жағдайында ақпаратты көрінеу жалған тарату» бойынша айып тағылды. Оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы