411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі ең ерекше маска қандай?

  • 220
  • UPD: 15:24, 27.03.2020

Коронавирус көптеген адамның карантинде отыруына себеп болды. Ал сыртта жүргендердің барлығы енді бетперде киеді. Қорғаныш құралын дәріханадан таппағандар оны қолдан тігуге кіріскен. Шеберханадан шыққан бетперделерді талғамыңызға қарай таңдап алуға болады. Елдегі ең ерекше бетперде қандай? 

Ақ, көк, қара сұр. Көшеде көрген бетперделердің түсін тізбектей беруге болады. Мұндайларды дәріханалардан ала алмайсыз. Себебі олар қолдан тігіледі. Әлемді жайлаған індеттен сескенбесе де сақтануға тырысқан халықтың дені осындай қолдан тігілген бетперделерге қанағат дейді.

- Құрбым тікті содан сатып алдық. Сұр, қызыл, қара және ақшыл түстер бар.

- Тігілген масканы 200 теңгеден алғанбыз. Ал мынандай маскаларды 56 теңгеден дәріханадан алып жатырмыз. Оюлары бар алған жоқпыз енді. Ақ матадан тігілгенді алдық.  Аптекадан да алып жатырмыз.

Қазір қорғаныш құралының түрі өте көп. Сурет салынған, тастар тігіліп, ою-өрнекпен әрленгені тағы бар. Сырт пішініне қарап қорғаныш емес,  киімге қосымша құрал дерсің. Дегенмен, қолдан жасалған өнімдерге күмәнмен қарайтындар да бар. Олар мата масканың аурудан сақтайтына сенбейді. Түр-түсіне де қызықпайды. Сондықтан тек дәріханадан алған өнімді пайдаланды.

БЛИЦ

- Масканы маған Ақтөбеден жіберді. Қолдан тіккеннің микробқа қарсы қуаты бар ма? Қолдан тіккен қалай болар екен мен сене алмаймын оған.

- Осы маскамен 72 сағат жүруге болады. Қолдан тігілген маска тақпайсыз ба?

- Жоқ, тақпаймын.

Әлеуметтік желіде танымал трендтердің бірі бетке бетперденің суретін салу. Қыздар арасында танымал «карантиндік макияждың» түрі де сан алуан. Бірақ негізгі ойы бір. Бұл мынадай STOP COVID-19 жазуы арқылы тұрғындарды үйден шықпауға шақыру.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы