426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тарбағатай ауданында кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға үй алып берді

  • 611
Тарбағатай ауданында кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға үй алып берді

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында қайырымдылық шаралары көбейді. Кәсіпкерлер мен туған жеріне жанашыр азаматтар тұрмысы төмен, көпбалалы және баспанаға мұқтаж жандарға қуаныш сыйлады.

Мәселен, өскемендік Қайнар Дүйсенұлы Ақжар ауылында 10 жылдан астам уақыт пәтер жалдап жүрген қос отбасын баспанамен қамтыған. Ал Қайрат Қожахметов бұған дейін апатты үйде тұрып келген Бақасовтар отбасын тұрғын үймен қамтыды. Мұнан өзге елге тегін азық-түлік пен дәрі-дәрмек таратып жатқан қайырымды жандар да аз емес.

Бақытжан Бақасов, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Бұрынғы үй қазір апатты жағдайда. Ол 2 бөлмелі еді, оның өзі қабаттаса салынған, 4 қабатты үйдің бір жақ бұрышы болатын. Ол өртеніп те кете жаздады, көрші үйден газ атылып. Сол ең бастысы, Қайрат ағама рахмет айтамын, осындай жақсы игі істер жасап жатқанына. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой, амандық болса, азын-аулақ 1-2 сиыр болсын алып, бала-шағама өсірем бе деген ойым бар.

Хабар 24 телеарнасы