411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан қайтыс болған әйел Қазақстаннан ешқайда шықпаған

  • 340
  • UPD: 16:08, 27.03.2020

Тек жақында, нақтырақ айтсақ, 13-17 наурыз аралығында Алматы және Жамбыл облыстарында қонақта болған.

Бұл туралы эпидемиолог мамандар мәлімдеді. 64 жастағы Қосшы ауылының тұрғыны қауіпті індетті нақты қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз. Онымен қазір арнайы комиссия айналысып жатыр. Ал марқұм жедел жәрдемге алғашында 22 наурыз күні жүгінген. Дәрігерлерге әлсіреп, өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Алайда марқұмның бұрыннан да қант диабеті мен қан қысымы болған еді дейді мамандар. Ал 25 наурыз күні таңға жақын дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртады. Аты жаман аурудың белгілерін байқаған дәрігерлер, оны елордадағы ауруханалардың біріне жеткізген. Алайда арада бір күн өткен соң науқас әйел көз жұмады. 

Серік Омарханов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Қазір біз ол кісінің қарым-қатынаста ортасын анықтап жатырмыз. Қазірдің өзінде Алматы қаласында 11 адам табылды. Олардың деректерін сондағы әріптестерімізге бердік. Ал отбасындағы 6 адам бүгін стационарлық карантинге жатқызылады.

Хабар 24 телеарнасы