405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 24 індет ошағы оқшауланды

  • 206
  • UPD: 18:08, 27.03.2020

Алматыдағы Қонаев көшесінің бойындағы 62-үй кеше кешкісін қайтадан карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, осы үйде тұратын шет елден ұшып келген азаматты 25-і күні жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Артынша 58 тұрғыны бар көпқабатты үй карантинге жабылған. Біздің арнамыздың тілшілері оқшауланған үйдің тұрғындарымен байланысып, жағдайларын білді. Түс қайта тұрғындар «сүйінші» хабар айтып, аталған үйдің 18 сағаттан соң карантиннен босатылғанын жеткізген еді. Алайда бір ғана кіреберісі бар үй тұрғындарының қуанышы ұзаққа созылмады. Кеше кешкі 7-де арнайы қызмет өкілдері келіп, үйді қайтадан оқшаулаған. Арнамызға хабарласқан үй тұрғындары артық азық-түлік алып үлгергендерін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі күні Алматыда 24 індет ошағы оқшауланды.

Зағира Абдуллаева, қала тұрғыны:

– Қауіпсіздігіміз үшін сабырлылық сақтап жүрміз. Бірақ біз жаққа әкімдіктен, волонтерлар келген жоқ. Ешқандай алдын алу шараларын өткізген жоқ. Ақшасы барлар азық-түлік алған шығар. Біз үлгере алмадық. Оған біздің жағдайымыз болмады.

Хабар 24 телеарнасы