413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында тәртіпке бағынбағандар карантинге күштеп жеткізілді

  • 165
  • UPD: 18:06, 27.03.2020

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Мысырдан оралған ерлі-зайыпты азаматтар карантинге жатпаймыз деп, дәрігерлерге есікті тарс жапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін келген полицияның да сөзін елемепті. Мұнан соң өрт сөндірушілер келіп, үйдің балконына арнайы саты арқылы көтерілгенде ғана есікті ашқан. Отбасы мүшелеріне төтенше жағдай кезіндегі заң бұзушылықтар туралы заңнаманы түсіндіргеннен кейін өз еркімен карантинге баруға келіскен. Оларға ешқандай әкімшілік жаза тағайындалған жоқ. 

Қанат Асқаров, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

– Облыста осы уақытқа дейін 10-ға жуық төтенше жағдай кезіндегі тәртіпке бағынбау жайттары тіркелді. Бұл отбасына келсек, олар наурыздың 23-і күні елге оралған. Ол кезде Мысыр 1-В санатындағы елдерге жататын. Кейін еліміздің бас санитар дәрігерінің нұсқауымен 1-А санатындағы елдер қатарына енгізілді. Соған сәйкес бұл азаматтар 14 күндік карантинге жатқызылуы тиіс еді. Біздің мамандар мен полиция қызметкерлеріне есік ашпаған соң құтқарушылар көмекке шақырылды. Артынша үй иелері есікті өздері ашып, ерікті түрде карантинге баруға келісті.

Хабар 24 телеарнасы