423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Хабар» агенттігі азық-түлікке мұқтаж жандарға қол ұшын созды

  • 628
  • UPD: 22:03, 27.03.2020

Сын сағатта адамдықтың белгісі – мұқтаж жандарға көмек көрсету.

«Хабар» агенттігінің қызметкерлері мен «Біз біргеміз» жобасының волонтерлері 10 отбасына азық-түлік апарып береді.

Мешіт жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры тұрмысы қиындаған жандардың тізімін берген. Хабарлықтар шама-шарқынша қаражат жинап, әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін сатып алды. Үйде отырған балаларды қуанту үшін тәттіден де қосты. Одан бөлек, үйінен бетперде тігіп әкелген еріктілер тағы бар. Волонтерлер игі істі жалғастырады. «Төтенше жағдай кезіндегі қиындықты жұмыла көтеріп, мұқтаждарға көмек беру парыз», – дейді олар.

Батыржан Ибрагимов, волонтер, «Хабар» телеарнасының қызметкері:

– Міне, жігіттер жиналды. 10 отбасына азық-түлік алдық. Қазір осы заттарды көлікке салып, отбасыларға қуаныш сыйласақ деп ниет етіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы