411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жүздеген жүк көлігі Қытай аумағына кіре алмай тұр

  • 177
  • UPD: 20:31, 27.03.2020
Алматы облысында жүздеген жүк көлігі Қытай аумағына кіре алмай тұр

Бұған көрші мемлекеттің кеден бекетінде санитарлық бақылауды күшейтуі себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі тауарсыз автомобильдер санын шектеуі ықпал еткен. Баяу жүргізілген жұмыстың салдарынан Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралінде тауар тасымалдаушылардың ұзын сонар тізбегі пайда болды. Ал қазақстандық кеден бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Елге кірген әрбір көлік екі мәрте залалсыздандырылып, жүргізушілері де медициналық тұрғыдан тексерілуде. Қазір күніне оншақты көлік қана «Нұр жолы» арқылы аспан асты еліне өтіп жатыр.

Ризабек Қалиаждаров, «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы:

– Бұрын бізде 200 көлік құралы жүкпен Қазақстан аумағына кіретін. Шамамен 170-тей көлік құралы Қытайға шығатын. Коронавирус жағдайында жүктердің тасымалдауы өте қатты азайып кетті. Себебі көрші мемлекеттегі тауар сақтайтын қоймалары жабық тұрды. Сол себепті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы