413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалған ақпаратпен жұртты дүрліктірген қостанайлық бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 182
Жалған ақпаратпен жұртты дүрліктірген қостанайлық бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Желі арқылы наурыздың 29-нан бастап Қостанай облысындағы Қостанай, Лисаков, Рудный, Тобыл қалалары карантинге жабылады деген аудиожазба таратылды.

Полиция департаменті тез арада бұл ақпараттың жалған екендігін жария етті. Және оны таратқан адамды да анықтады. Ел-жұртты дүрліктіріп жүрген Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылының 28 жасар тұрғыны болып шықты. Ер адам әлеуметтік желідегі ақпаратты дұрыс түсінбей шатасқанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Қаңқу сөздерге сенбей, тек ресми хабарға жүгінуге шақырып, бейнежазба жүктеді. Бірақ ол қанша ақталғанымен, жауапкерішліктен құтыла алмайды.

Кенже Қонысбай, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Қазіргі таңда бұл аталған факт бойынша тексеріс жүріп жатыр. Біз бұл ақпараттың жалған екендігін тағы да хабарлағымыз келеді. Күдікті азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда 3 немесе 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы