413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған адам дәрігерлер бақылауында

  • 294
  • UPD: 21:56, 27.03.2020
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған адам дәрігерлер бақылауында

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған жолаушы провизорлық госпитальға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Орал қаласының тумасы. «46 жастағы ер адамның қазіргі жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді», - дейді дәрігерлер. Науқаспен бірге бүгін таңғы әуе рейсімен Ыстамбұлдан Ақтау әуежайына жеткен 76 жолаушы және ұшақ экипажы да медицина қызметкерлерінің бақылауында. Әзірге белгілісі, вирустық инфекция жұқтырған ер адам шетелде жұмыс сапарымен болған. Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы оқшаулау орындарында 80 адам жатыр. Тағы 139 тұрғын үй карантиніне жатқызылған.

Ринат Құбатаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау ДБ орынбасары:

– Осы ұшақ ішіндегілерді қабылдап алған шекарашылар да, біздің мамандардың барлығы сақтану киімінде болды. Дезинфекциялық құралдармен іс-қимылдар жасалды. Келген жүктердің барлығына арнайы дезинфекция жасалды. Арнайы көлік бөліп, бөлек апардық. Мамандардың барлығы маскада термометрияда түскен бойда қарады. Сол қабылданған алгоритм бойынша іс-шаралар қолданыла береді.

Хабар 24 телеарнасы