411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы балабақшалардың қызметі уақытша тоқтатылды

  • 199
  • UPD: 23:27, 27.03.2020
Алматы облысындағы балабақшалардың қызметі уақытша тоқтатылды Inbusiness.kz

Бұл жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында қабылданған шешім, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетісу жерінде 1167 бөбекжай бар. Жүйе жалпы саны 85 мыңнан астам бүлдіршінді мектепке дейінгі білім берумен қамтиды. Балалардың бөбекжайға келу көрсеткіші қазір 0,9 процент қана. Облыс бойынша 11 жекеменшік балабақша мен 2 шағын орталық жұмыс істеп тұрса, онда 790 бала барып жүр. Алдағы аптадан бастап олар да өз жұмысын уақытша тоқтатады. «Сақтықта қорлық жоқ. Дәл мынандай жағдайда балаларды көпшілік шоғырланатын жерге апармай, үйде ұстаған жөн», – дейді мамандар.

Гүлжан Елубаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Сақтандыру мақсатында облыста мектепке дейінгі мекемелердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазір белгісіз мерзімге дейін жабылды.

Хабар 24 телеарнасы