411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған ақтөбеліктің жағдайы тұрақты

  • 174
  • UPD: 08:36, 28.03.2020
Коронавирус жұқтырған ақтөбеліктің жағдайы тұрақты

Қауіпті індет жұқтырған ақтөбеліктің жағдайы тұрақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер шамамен бір аптадан кейін тағы бір мәрте сынама алып, ағзасындағы кеселдің ізін бақылайды. «Егер осы уақыт аралығында айығып, коронавирус инфекциясы табылмаса, үйіне қайтаруға даярлаймыз», дейді. Бұл әзірге мамандардың болжамы ғана. Бастысы – дертті ағзаның індетке төтеп беруі боп тұр.

Айта кету керек, бұл ауруды жұқтырған ақтөбелік елімізге Испаниядан келген. Қазір облыстық жұқпалы аурулар диспансерінде қажетті ем-дом қабылдауда.

Әлия Нұритдинова, облыстық клиникалық инфекциялық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Науқас азаматта короновирустың белгілері бірден пайда болған жоқ. Уақыт өте жөтеліп, тамағы қабына бастады. Иіс сезу қабілеті де бұзылды. Бірақ қызуы көтерілмеді. Қазір жағдайы бір қалыпты. Дене қызуы да қалыпты. Тәулік бойы бақылап отырмыз.

Ереже бойынша дертті жанға тек белгіленген мамандар ғана қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ем-дом жасауда. Және аурумен байланыста болған барлық медициналық қызметкерлер де 14 күндік карантинде болады. Оларға емхананың арнайы жабдықталған бөлмелерінен шығуға рұқсат жоқ. Қауіпті кеселмен күресте алдыңғы шептегі мамандарды қолдау шарасы жалғасын табады.

Қайрат Сабыр, Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы:

- Өзіміз медиктер болғасын біздің әріптестеріміз біздің әріптестерімізді өте жақсы түсінеміз. Мына «Сенім» деген кәсіподағымыздың атынан көмек көрсетіп жатырмыз. Жедел жәрдем қызметкерлеріне 660 мың теңге бөліп жатырмыз. Ол жеке гигиеналық құралдарға.

Хабар 24 телеарнасы