411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Cұлтанда коронавирустан айыққан 10 адам ауруханадан шығарылады

  • 211
  • UPD: 12:10, 28.03.2020
Нұр-Cұлтанда коронавирустан айыққан 10 адам ауруханадан шығарылады blogspot.com

Елордада коронавирустан айыққан 10 адам ауруханадан шығарылады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифингте хабарлады.

Қисықованың мәліметінше, коронавирустан айыққандардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Олар бүгін ауруханадан шығарылады. Айығып шыққандар екі апта үйде оқшауда отырып, дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде 3 адам (екеуі елордадан, біреуі Алматыдан) кесірлі вирустан айыққан еді. Қазіргі сәтте жазылғандардың жалпы саны 13.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы