426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі: Бұл – енді жай ғана өтініш емес, әрбір адам қатаң сақтауы тиіс тәртіп

  • 425
  • UPD: 18:35, 28.03.2020
Елорда әкімі: Бұл – енді жай ғана өтініш емес, әрбір адам қатаң сақтауы тиіс тәртіп inform.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 автобус паркі карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себеп – жұмысшысы вирус жұқтырған. Енді наурыздың 30-ы мен сәуірдің 5-і аралығында елордада қоғамдық көліктер жүрмейді. «Мұндай шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады»,, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Тек медицина, құқық қорғау және шаһар өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмысын жалғастыра береді. Инфекциямен күресте алдыңғы шепте жүрген адамдарды тасымалдау үшін көліктер әзірленеді.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

- Азық-түлік алуға, дәріханаларға баруға, медициналық қызмет алуға және рұқсат етілгендерге жұмысқа баруға ғана рұқсат етіледі. Басқаның бәрі шектеледі, үйден шығуға болмайды. Бір айта кететіні, бұл енді жай ғана өтініш емес, әрбір адам қатаң сақтауы тиіс Төтенше жағдайдың тәртібі. Азық-түлік дүкендері жұмыс істей береді. Кәмелет жасына толмаған балалардың үлкен адамдарсыз көшеде жүруіне тыйым салынады. 6 сәуірден бастап оқушыларды онлайн форматпен оқуға көшіреміз.

Хабар 24 телеарнасы