426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада COVID-19 жұқтырған тағы бір адам стационардан шығарылады

  • 463
  • UPD: 13:37, 28.03.2020
Елордада COVID-19 жұқтырған тағы бір адам стационардан шығарылады

Бүгін Елордада COVID-19 вирусын жұқтырған тағы бір адам стационардан шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар тағы екі апта бойы үйдегі карантинде отыруы керек. Бүгінде жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1406 адам жатыр. Олардың 105-і бала. Наурыздың 22-сі мен 27-сі аралығында Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген 18 рейс жолаушыларына зертханалық сараптама жасалды. 1500-ге жуық адамның үшеуі індет жұқтырған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, мамандар қатал талапқа көшкен. Себебі, қала тұрғындары аурудың салмағын әлі де түсінбеген сияқты.

Еске салайық, қазір елордадағы екі науқастың жағдайы тұрақты ауыр.

Сәуле Қисықова, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қалалық стационарлардағы коронавирус жұқтырған адамдардың екеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Нашарлап кеткен жоқ. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күн сайын дәрігерлер консилиум өткізуде. Ем шарасы коронавирустық инфекция бойынша протоколға сай жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Нұр-Cұлтанда коронавирустан айыққан 10 адам ауруханадан шығарылатынын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы