414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адамнан коронавирус анықталды

  • 251
  • UPD: 13:57, 28.03.2020
Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адамнан коронавирус анықталды

Ақмола облысында тағы 3 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, олар Қосшы ауылындағы бір отбасының мүшелері. Бұл туралы бүгін шұғыл брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған азаматтар бұған дейін үй карантинінде жатқан. Себебі, олардың коронавирусқа шалдыққан елордалық туысы қонақта болған екен.

«Ал, бұл науқастардың кешегі қайтыс болған әйелмен ешқандай туыстық немесе басқа да қарым-қатынасы жоқ», - дейді мамандар. Ауру белгілері анықталған адамдардың барлық жақындары қазір ауруханаға жатқызылып, қатаң бақылауға алынған. Осылайша, бас шаһар іргесіндегі Қосшы ауылы қазір аурудың ошағына айналып отыр.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Аталған 3 адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Хабар 24 телеарнасы