411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының барлық ірі сауда орындары мен базарлары жабылды

  • 182
  • UPD: 14:05, 28.03.2020
Қарағанды облысының барлық ірі сауда орындары мен базарлары жабылды

Алайда, азық түлік пен дәріханалардың жұмысына шектеу болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл шектеуден ешкім шығындалмау үшін тауарлар мен өзге сауданы онлайн режимге көшіруді ұсынып отыр. Ол үшін мамандар арнайы ІТ платформа құрған. Сондай-ақ кенді өлкедегі 65-тен асқан тұрғындардың көшедегі жүрісін барынша азайту мақсатында азық-түліктер мен қажетті дәрі-дәрмегі үйге жеткізіліп беріледі. Қазір тұрақтандыру қорын толтыруға қосымша 1 млрд теңге қаржы бөлінген. Оған қоса, шұғыл түрде 700-ге жуық медициналық техника алу жоспары бар.

Еске салсақ, Қарағандыда қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам бар. Оның барлығы Минск – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

-28 наурыздан бастап ерекше өкім шығарылғанға дейін алаңы 2000 шаршы метрден асатын барлық сауда орталықтары жабылатын болады. Аталған нысандарда орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сататын орындар әдеттегі режимде жұмыс істейді.

Барлық сауда нысандарына тауарлар мен қызметтерді сатуды онлайн режимге ауыстыру ұсынылды. Ол үшін қарағандылық IT-мамандар жеке онлайн платформа әзірледі. Сондай-ақ ауданының көлеміне қарамастан, азық-түліктік емес, сауда базарларының қызметі уақытша тоқтатылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы