420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде коронавирустан айыққан адам саны 14-ке жетті

  • 382
  • UPD: 14:15, 28.03.2020
Елімізде коронавирустан айыққан адам саны 14-ке жетті

Елордада тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Жедел штабтың Телеграм парақшасы.

«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 14 адам: Нұр-Сұлтан қаласында 12, Алматы қаласында 2 адам», -делінген хабарламада.

Ал осыған дейін дейін коронавирусқа шалдыққан 13 адам жазылып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

«Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйлеріне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады», - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Хабар 24 телеарнасы