405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінің 109 мыңнан астам оқушысы қашықтан білім алуға көшеді

  • 238
  • UPD: 18:31, 28.03.2020
Ертіс өңірінің 109 мыңнан астам оқушысы қашықтан білім алуға көшеді

Қазіргі таңда облыстағы 350-ден астам орта мектебі онлайн режимде бала оқытуға материалдық-техникалық база жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда сала мамандары кешенді сараптама жүргізіп, кейбір мәселелерді анықтаған. Олардың қатарында шалғай ауылдардағы интернеттің жылдамдығы, көп балалы отбасыларды компьютермен қамту проблемалары бар. Ал алыстағы шағын мектептер қашықтықтан оқуға көшпеуі де мүмкін. Жалпы өңірде білім алушылардың саны аз мектептердің 5 мыңға жуық оқушысы дәстүрлі түрде оқи беруі ықтимал.

Айта кетейік, көктемгі каникулда үйлерінен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақылары қысқармайды.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда жоба бойынша 5 және 80 бала оқитын шағын мектептерді дәстүрлі түрде деп айтайық, оқыту форматында қалдыру қарастырылуда. Егер былай болатын болса, біздің де үлкен үмітіміз бар. Ол ауылдар, біріншіден, шалғайда жатқандықтан, ол жерде қарым-қатынас орталықпен болмағандықтан, бұл індет бара қоймас. Екіншіден, орта есеппен ондай шағын мектептерде класстарда сабақтағы топ бес баладан аспайды. Сондықтан біз санитарлық талаптарды бұзбаймыз.

Хабар 24 телеарнасы